Қазақстандық Aitube видеохостингі мобильді қолданбаны іске қосты
4 наурыз 2021
Aitube видеохостингі мобильді құрылғылардан контент көруге болатын мобильді қолданбаны іске қосты. Пайдаланушыларға Қазақстанда түсірілген телехикаялар, мемлекеттік тілдегі ойын-сауық және танымдық сипаттағы контент, сондай-ақ қазақстандық телеарналар эфирлерінің трансляциясы ұсынылады.
Қолданбаның іске қосылуы – отандық әзірлеушілер еңбегінің жемісі. Aitube платформасын жас қазақстандық Aitu-Dala digital-компаниясы қалыптастырып, дамытуда. Видеохостингтің басты міндеті – Қазақстан тұрғындарының отандық видеоконтентке еркін әрі ыңғайлы қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Видеохостинг иесі Aitu-Dala компаниясының бас директоры Евгений Волковтың айтуынша: “Aitube-тегі контент сұранысқа ие, ауқымды аудиториясы бар. Сүйікті сериалдары мен видороликтеріне көрермендеріміздің қолжетімділігін жеңілдету қисынды қадам болды. Порталдың аудиториясы ай сайынғы 2 миллион көрермен межесінен әлдеқашан асып үлгерген, ал қолданбаны Android және iOS негізіндегі құрылғылардың барлығына жүктеуге болады”.
Aitube — үздік өндірушілердің эксклюзивті контентін, сонымен қатар телевизиялық ойын-сауық және ақпараттық шоулар мен пайдаланушылардың видеоларын бір ортаға тоғыстырған ұлттық видеохостинг. Aitube әрбір адам өзінің кез келген жанрдағы медиасын жариялай алатын, көрермен болса қазнеттің жаңа жұлдыздарын танып қана қоймай, Қазақстанда өндірілген премиум контентке тегін қолжетімділікке ие болатын ашық алаң болып табылады. Сайтқа ай сайын 2 миллион адам кіреді, олардың 91%-тен астамы – Қазақстан тұрғындары.
Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметіміз Қазақстан мен күллі орталық Азия нарығындағы Интернет-медиа саласына бағдарланған. Біз заманауи цифрлық өнімдер жасаймыз, жасанды интеллектті тәжіибеден өткіземіз әрі Big Data-мен жұмысты жетілдіруге баса көңіл бөлеміз. Біздің миссиямыз – халықтың цифрлық ортада тұрақты дамуы үшін медиа-сервистер құру. Компанияның басты өнімдері: Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (оның ішінде - Ainews.B2B жаңалықтар ресурстарын ілгерілетуге арналған ұсынымдар виджеті), сонымен қатар сауалнамалар мен бренд-зерттеулерге арналған Qalaysin сервисі.