ГТА, бояғыштар мен дәм күшейткіштер қазақстандықтардың сүт өнімдерін сатып алудан бас тартуына себеп болуы мүмкін: Qalaisyn зерттеуі
11 наурыз 2021
Қазақстандықтар органикалық сүт өнімдерін жөн көреді. Qalaisyn зерттеуінің деректері бойынша, респонденттердің 77%-і ингредиенттердің табиғи болуына баса назар аударады. Сүт пен сүт өнімдерін сатып алудан бас тартуға азаматтарды бояғыштардың(сауалнама алынғандардың 75%-і), дәм күшейткіштер(48%) мен ГТА-ның (46%) болуы мәжбүр етуі мүмкін.
Қазақстандық тұтынушылардың анағұрлым сұранысына тетрапактардағы және қағаз қаптамадағы сүттер ие. Бұл ондай өнімді сақтаудың жеңілдігі мен ыңғайлылығына байланысты. Екінші орында - полиэтилен пакеттердегі сүт өнімдері: респонденттердің пікірінше, оның бағасы төмен. Ең аз сұраныстағысы – бөтелкедегі сүт, ол қымбатырақ саналады, дегенмен қасиеттерін жақсы сақтайтынына сауалнама қатысушылары сенімді. Qalaisyn әлеуметтік зерттеулер жобасының жетекшісі Малика Атамбаева былай деп түсіндіреді:
“Біздің зерттеулерімізге сүйенсек, қазақстандықтардың 47%-і өнімнің құрамы жайлы ақпаратты мұқият оқиды. Таңдау кезіндегі басты өлшем – дайындалған күні, дәмдік қасиеттері және ингредиенттердің табиғилығы. Бұл ретте сүт өнімдерінің басты тұтынушылары 55 жастан 64 жасқа дейінгі қатысушы азаматтар болып табылады, ал аталған тауарлар сегменті аудиториясының басым көпшілігін әйелдер құрайды”.
Qalaisyn зерттеуіне Қазақстанның барлық өңірінен 18-64 жас аралығындағы 2300-ден астам адам қатысты. Зерттеу географиясы Қазақстанның 17 әкімшілік-аумақтық бірлігін: барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды қамтыды.
Qalaisyn.kz – түрлі өнімдер мен тіршілік әрекеті салаларының дамуына ықпал ете алатын, Қазақстанның белсенді тұрғындары арасында әлеуметтік және маркетингтік онлайн-сауалнамалар жүргізуге арналған панель. Qalaisyn қоғамдастық мүшелерінің пікірін бағалайды. Qalaisyn алаңында кез келген адам өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірін, азаматтық көзқарасын таныта алады. Бұл компаниялар мен жеке тұлғаларға арналған социологиялық, брендтік, маркетингтік, brand lift және өзге де зерттеу түрлерінің онлайн-платформасы. Жоба қазақстандық Aitu-Dala компаниясы өнімдерінің бірі болып табылады.
Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметіміз Қазақстан мен күллі орталық Азия нарығындағы Интернет-медиа саласына бағдарланған. Біз заманауи цифрлық өнімдер жасаймыз, жасанды интеллектті тәжіибеден өткіземіз әрі Big Data-мен жұмысты жетілдіруге баса көңіл бөлеміз. Біздің миссиямыз – халықтың цифрлық ортада тұрақты дамуы үшін медиа-сервистер құру. Компанияның басты өнімдері: Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (оның ішінде - Ainews.B2B жаңалықтар ресурстарын ілгерілетуге арналған ұсынымдар виджеті), сонымен қатар сауалнамалар мен бренд-зерттеулерге арналған Qalaysin сервисі.