Атышулы Сержан Братан сериалының арнайы шығарылымы эксклюзивті түрде Aitube-те ұсынылады
17 маусым 2021
Salem social media ұсынған қазнеттің ең танымал сериалы Serjan Bratan жалғасын тапты. Aitube.kz тапсырысымен жасалған арнайы шығарылым ұлттық видеохостингте эксклюзивті түрде 17 маусым күні 18:00-де «Пацанские Истории» арнасында жарық көреді. Бұл жолы кейіпкерлер хакерлер мен есірткі сатушыларға қатысты шиеленістің қақ ортасында.
Aitu-Dala компаниясының контент-директоры Ерлан Игісінов әңгімелейді: «Aitube дүркін-дүркін ddos-шабуылдарға ұшырап отырды. Өз саласының ондаған үздік маманы жаңылыстарды жою үшін тәуліктеп жұмыс істеді. Нәтижесінде біз шабуылдарды тойтарып қана қоймай, платформа қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі олқылықтардың да орнын барынша толтырдық. Біздің аудиториямыз бұған түсіністікпен қарады, сол үшін де дәл соларға арнап біз Aitube-тен бонус ретінде Serjan Bratan-ның арнайы сериясын шығарып отырмыз. Ол сериал кейіпкерлерінің хакерлермен қалай күресетінін әзіл-сықақ түрінде көрсетеді».
Serjan Bratan алғашқы бес айдың нәтижесі бойынша 2021 жылы Aitube видеохостингіне орналастырылған қазақстандық сериалдардың ең танымалына айналды. Төртінші, бесінші және жетінші эпизодтар қаралым саны жағынан үздік үштік қатарында. Олардың әрқайсысын бір жарым миллионнан астам көрермен көріп үлгерді.
Aitube — үздік өндірушілердің эксклюзивті контентін, сонымен қатар телевизиялық ойын-сауық және ақпараттық шоулар мен пайдаланушылардың видеоларын бір ортаға тоғыстырған ұлттық видеохостинг. Aitube әрбір адам өзінің кез келген жанрдағы медиасын жариялай алатын, көрермен болса қазнеттің жаңа жұлдыздарын танып қана қоймай, Қазақстанда өндірілген премиум контентке тегін қолжетімділікке ие болатын ашық алаң болып табылады. Aitube-қа кірушілердің 91%-тен астамы – Қазақстан тұрғындары.
Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметіміз Қазақстан мен күллі орталық Азия нарығындағы Интернет-медиа саласына бағдарланған. Біз заманауи цифрлық өнімдер жасаймыз, жасанды интеллектті тәжіибеден өткіземіз әрі Big Data-мен жұмысты жетілдіруге баса көңіл бөлеміз. Біздің миссиямыз – халықтың цифрлық ортада тұрақты дамуы үшін медиасервистер құру. Компанияның басты өнімдері: Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (оның ішінде - Ainews.B2B жаңалықтар ресурстарын ілгерілетуге арналған ұсынымдар виджеті), сонымен қатар сауалнамалар мен бренд-зерттеулерге арналған Qalaysin сервисі.