Қазақстандықтардың 60%-і пандемия кезінде әуе арқылы қатынаудан толығымен бас тартты: Qalaisyn зерттеуі
5 мая 2021
Aitu-Dala компаниясы Qalaisyn жобасының «Пандемияның қазақстандықтардың әуемен қатынауына әсері» тақырыбындағы онлайн-зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Респонденттердің 60%-нің карантин шаралары жеңілдетілгенге және пандемия аяқталғанға дейін қандай да бір сапарларды жоспарламайтыны анықталды. Қазақстан аумағында саяхаттауға сауалнама алынғандардың 26.9%-і дайын. Тек 16.1%-і ғана шекара асуға әзір, оның өзінде де негізінен жақын шет елдерге.
Жасқа байланысты деректер талдауы ел аумағынан тыс саяхаттауды көбінесе 18-24 жастағы респонденттер жоспарлап отырғанын көрсетті. Бұл ретте олар сапардың басты мақсаты туыстарына бару және демалу екенін айтты. Ал 55-64 жастағы адамдар қандай да бір жол жүруден мүлдем бас тартып отыр. Зерттеу нәтижелері жайында Qalaisyn әлеуметтік зерттеулер жобасының жетекшісі Малика Атамбаева әңгімелейді:
«Сұралғандардың жартысынан астамы коронавирус жұқтыру қаупіне алаңдайды және ұшақ бортында карантин шараларын сақтауды маңызды деп санайды. Қорғанудың анағұрлым кең тараған тәсілі ретінде жауап берушілер әуе кемелерінің салонын міндетті түрде тазалауды, сондай-ақ зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуді атады».
Зерттеу аясында сонымен қатар қатысушылардың 49.1%-нің ешқашан ел аумағынан шықпағаны анықталды. Қазақстаннан тысқары жерлерге әуемен 4.6%-і ғана жиі қатынайтын болып шықты. Деректердің өңірлік талдауы шет елдерге көбінесе Нұр-Сұлтан және Алматы секілді республикалық маңызы бар қалалардың және Ақтөбе облысының тұрғындары жүйелі түрде ұшатынын көрсетті.
Зерттеуге 14 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан 1188 адам қатысты. Олар қала және ауыл тұрғындары. Сауалнама шеңберінде қазақстандықтардың әуе көлігін пайдалану тәжірибесі зерделенді.
Qalaisyn.kz – түрлі өнімдер мен тіршілік әрекеті салаларының дамуына ықпал ете алатын, Қазақстанның белсенді тұрғындары арасында әлеуметтік және маркетингтік онлайн-сауалнамалар жүргізуге арналған панель. Qalaisyn қоғамдастық мүшелерінің пікірін бағалайды. Qalaisyn алаңында кез келген адам өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірін, азаматтық көзқарасын таныта алады. Бұл компаниялар мен жеке тұлғаларға арналған социологиялық, брендтік, маркетингтік, brand lift және өзге де зерттеу түрлерінің онлайн-платформасы. Жоба қазақстандық Aitu-Dala компаниясы өнімдерінің бірі болып табылады.
Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметіміз Қазақстан мен күллі орталық Азия нарығындағы Интернет-медиа саласына бағдарланған. Біз заманауи цифрлық өнімдер жасаймыз, жасанды интеллектті тәжіибеден өткіземіз әрі Big Data-мен жұмысты жетілдіруге баса көңіл бөлеміз. Біздің миссиямыз – халықтың цифрлық ортада тұрақты дамуы үшін медиа-сервистер құру. Компанияның басты өнімдері: Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (оның ішінде - Ainews.B2B жаңалықтар ресурстарын ілгерілетуге арналған ұсынымдар виджеті), сонымен қатар сауалнамалар мен бренд-зерттеулерге арналған Qalaysin сервисі.